Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері келесі жылы Тәжікстанда бас қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Орталық Азия елдері басшыларының кезекті консультативті кездесуі 2019 жылдың наурыз айында Ташкентте өтеді. Ал сыртқы істер министрлерінің жиналысын келесі жылы Тәжікстанда өткізу жоспарланған», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында. Еске сала кетсек, Орталық Азия елдері президенттерінің тұңғыш консультативті кездесуі Астанада өткен болатын. Кейінірек СІМ басшылары Чолпон Атада бас қосты. Кездесу қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары бірлескен мәлімдеме жасады. Олар Орталық Азия елдері арасындағы мемлекеттік шекаралардың халықаралық құқықтық рәсімдеу процесіндегі оң динамикаға, аймақтағы дінаралық және шекаралық ынтымақтастықты белсенді етуге қолдау білдірді. ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар халықаралық терроризммен және экстремизммен, есірткінің заңсыз айналымымен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен және өңірлік қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де қауіптермен күресте ынтымақтастықты әрі қарай дамыту қажеттігін атап өтті. Өңір елдері сауда-экономикалық байланыс пен өзара сауданы әрі қарай нығайту үшін қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істейтін болады. Сонымен бірге, ішкі өңірлік инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың Орталық Азия елдері арасындағы іскерлік орта үшін маңызды екені айтылды. «Тараптар Орталық Азиядағы су-энергетикалық ресурстардың кешенді қолданылуы қажеттігін айтты және өңірдегі барлық мемлекеттердің тұтынушылығы мен мүдделері ескеріліп, өзара ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді механизмдерін әзірлеудің маңыздылығын атап өтті», - делінген мәлімдемеде.  


Саясат 23 шілде 2018 г. 36 0