ЕҚДБ Президентімен кездесті

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Астанада өткен Ше­телдік инвесторлар кеңесінің 31-ші пленарлық отырысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесіп, банкпен алдағы бірлескен жұмыс мәселелерін талқылады.

Кездесу аясында бірқатар бір­лескен жобаларды жүзеге асыру мә­селелері мен бірқатар жаңа жоба жайы талқыланды. Мәселен, «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолау­шылар терминалының құры­лысын салу мәселесі осы кездесуде пысық­талды.

Атап өтейік, аймақта ЕҚДБ-мен бірлесе энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен көлік инфрақұрылымы са­ла­сында жалпы құны 103 млн доллардан астам 4 жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, аймақтың инвестициялық портфелінде бір­қатар жаңа инфрақұрылымдық жобалар мен шағын және орта бизнестің мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша ұсыныстар бар.

Саясат 10 маусым 2018 г. 96 0