Телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп ­Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың және  өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанды биылғы 12 маусымда Ескішехир қаласында Трансанатолия газ құбырының (ТАНАП) ресми түрде іске қосылатындығымен құттықтады. Қазақстан Президенті бұл жобаның Түркия Республикасының транзиттік әлеуетін арттыруға септігін тигізетініне және елдің экономикалық дамуына зор ықпал ететініне сенім білдірді. 

Сонымен қатар, екі ел Президенттері мемлекеттер арасындағы сындарлы диалогты одан әрі ілгерілету мәселелерін қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Саясат 05 маусым 2018 г. 96 0