Әкімдер рейтингінде кімдер топ жарды?

«Саясат-Monitoring» саясаттанушылар, қоғамдық қайраткерлер, блогерлер мен журналистерден құралған респонденттер арқылы айдың үздік әкімдерін анықтады. Сәуірдің 23-і мен 26-сы аралығында өткен сауалнама қорытындысын sayasat.org басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ ұсынады.

Бауыржан Бәйбек
Бірінші орынға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек ие болған. Ол қаладағы жөндеу жұмыстары мен қаланы көркейту жұмыстарына ден қою арқылы айрықша көзге түскен.

Әсет Исекешов
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов болса қаланың 20 жылдық мерейтойына арналған жиын өткізіп, дайындықты белсенді түрде бастап кетіуімен ерекшеленді. Сарапшылардың айтуынша, қаланың мерейтойы маңыздылығы жөнінен ЭКСПО-2017 көрмесінен кем түспейтін шара.

Қырымбек Көшербаев
Әкімдер рейтингіндегі үшінші орын Қырымбек Көшербаевқа тиесілі.

Мәлік Мырзалин
Ақмола облысының әкімі де үздік әкімдердің бестігіне енген.

Ерлан Қошанов
Қарағанды облысының әкімі рейтингте бесінші орынға көтерілген. Мұның бірден бір себебі осы ай ішіндегі оның әкім ретінде атқарған жұмыстары болып отыр. Мәселен, ол облыс орталығын дамытуға барынша күш салып, бірқатар нәтижелерге қол жеткізген.

Бір айдың ішіндегі үздік он әкім қатарынан Бердібек Сапарбаевты, Даниал Ахметовты, Амандық Баталовтарды көруге болады.
Саясат 03 мамыр 2018 г. 108 0