Си Цзиньпин: Қытайдың дамуы басқа елдерге қауіп төндірмейді

Қытай «Бір белдеу, бір жолдың» құрылысы мен дамуының бейбіт жолын ұстана беретін болады.

Бұл туралы бүгін 13-шақырылған тарихи Бүкілқытай халық өкілдері құрылтайы 1-ші сессиясының жабылуында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мәлім етті.


«Қытайдың дамуы қандай да бір өзге елдерге қауіп төндірмейді. Қытай ешқашан гегемонияға және ұлғаюға ұмтылмайды. Басқаларды қорқытуға үйреніп қалғандар ғана мұны қауіп деп бағалайды (…) Қытай әрдайым бейбіт даму жолында жүреді және өзара тиімділік пен ұтылмайтын нәтиженің ашық стратегиясын жүзеге асырады. Қытай халықаралық әділеттілік пен ақиқатты белсенді қолдай бермек (…) Қытай «Бір белдеу, бір жол» бастамасы құрылысына көмектесуді жалғастыратын болады», – деді қытайлық көшбасшы.

Саясат 20 наурыз 2018 г. 119 0