«Кеңесте қаралған шиелілік кәсіпкерлердің мәселесі шешілді»

Бұл туралы Кеңес төрағасы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің кезекті отырысында айтты.

Кеңестің осы кезге дейінгі отырысы көшпелі отырысы Шиелі ауданында өткен болатын. Көшпелі отырыс өткізуге шиелілік кәсіпкерлерден түскен шағым себеп болды.

Атап айтқанда, Шиелі ауданы бойынша кірістер басқармасының  жылдың қаржылық айналым көлемін 2,1 млн. теңгеден негізсіз арттыру жөнінде талабына  кәсіпкерлік субъектілерінің арыздары қаралды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің төрағасы Ерлан Қожанов бұл мәселеге қатысты: «Кәсіпкерлердің шағымында көрсетілген деректер  дәлелін тауып, шын мәнінде аудандық кірістер бөлімі қызметкерлері тарапынан салық базасын ұлғайтуда базардағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық айналымдарын көбейтіп, қайтадан декларация тапсыру туралы талаптары болғаны анықталды. Кеңес шешімімен  облыстық кірістер департаментіне және Шиелі аудандық прокуратурасына хат жолданып, тиісті шаралар қолданып, кәсіпкерлердің өтініштері қанағаттандырылды», - дейді.

 Кеңесте қаралған келесі мәселе Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімінің әрекетсіздігіне және жер қатынастары саласындағы әкімшілік кедергілер туралы осы ауданның тұрғыны Ғафур Байдеудің өтініші.

Бұл мәселеде де кәсіпкерге мал жайылымға тиісті жер берілмей, соңғының 2 жыл көлемінде әуре-сарсаңға түскені анықталды. Осыған байланысты, Кеңеске қатысқан аудан әкімі аудандық жер қатынастары тарапынан болған кедергілерді растап, Ғафур Байдеуге сұраған жер телімін алуға тиісті көмегін жасады.

Өз хабарламасында Ерлан Қожанов: «Бүгінгі күнде аталған кәсіпкер  жайылымдыққа 600 гектер жер алып, шаруасы алға басуда. Сонымен қатар, 200 га. жер алу үшін  аукционға түсіп,  қосымша жер алуға тағыда талаптанып жатыр. Бұл шын мәнінде Кеңестің нәтижелі жұмыстары  деп атауға толық негіз», - дейді.

 Айта кету керек, 2018 жылы кеңестің 6 отырысы өткізіліп, 12 мәселе қаралды. Бүгінгі күнге олардың 8-і оң шешімін тапты.


         Қызылорда облысы 

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қараша 2018 г. 246 0