«УНИВЕРСАМ» САУДА ҮЙІ ЖАНЫНДАҒЫ АЛАҢ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

Қызылорданың 200 жылдығына орай облыс орталығында "Универсам" сауда үйінің жанындағы алаң қайта жаңғыртылды. Бұл - мерейтойға орай Сырдария ауданының тартуы.

Алаңға брусчатка төселіп, бордюрлер жаңартылды және субұрқақтың айналасы абаттандырылып, көгалдандырылды, орындықтар орнатылды. Қайта жаңғырту жұмыстары демеушілердің қаражаты есебінен жүргізілді.

Сондай-ақ, бүгін А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде ауданның шығармашылық ұжымдарының концерті өтті. Онда қазақтың халық әндері, ұлттық билері, әлемдік классикалық музыканың озық үлгілері орындалды.

  Айта кетейік, бұған дейін Жаңақорған, Қармақшы, Шиелі, Арал, Қазалы және Жалағаш аудандарының шығармашылық ұжымдарының концерттері және облыс орталығындағы жаңғыртылған нысандардың таныстырылымы өткізілді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қараша 2018 г. 237 0