ӘРІПТЕСІМІЗ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ

  Бүгін Астана қаласында журналистер арасындағы «Ақ халатты абзал жандар» атты республикалық конкурстың қорытындысы жарияланды.

Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы байқауды Астананың 20 жылдығына арнады. Басты мақсат – саладағы оң өзгерістер мен медицина қызметкерлерін насихаттау. Конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен ақпарат құралдары, кәсіби журналистер және штаттан тыс тілшілер қатысты.

Әріптесіміз, облыстық «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі Айнұр Батталова жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол «Кәсіподақ ұйымы туралы үздік мақала» номинациясы бойынша ІІІ орын алды. Үздіктерге дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 шілде 2018 г. 703 0