Аралдық ақ халаттылар мерекені атап өтті

Маусым айының үшінші жексенбісі – елімізде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі дәстүрлі түрде аталып өтіледі. Осы орайда кәсіби мерекелерін аралдық ақ халатты жандар кең көлемде атап өтті.

Аудандық мәдениет орталығында ұйымдастырылған айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов, «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов, аудандық мәслихат хатшысы Д.Мадинов және медицина саласының қызметкерлері мен ардагерлері, ауыл тұрғындары қатысты.

Дәрігерлер қауымының құрметіне орай өткен салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов ашып, ақ халатты абзал жандарды мерейлі мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай еңбегімен ел алғысына бөленген сала үздіктері аудан әкімінің және Арал аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының алғыс хаттарымен марапатталып, құрмет төрінен орын алды.

Салтанатты шара одан әрі аудан өнерпаздарының арнайы концерттік бағдарламасына ұласты.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 маусым 2018 г. 53 0