МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА

Сыр өңіріндегі жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Қуаныш Сұлтанов, Бақытқожа Ізмұхамбетов, Абай Тасболатов, Мұхтар Ерман, Абзал Ералиев, Геннадий Шиповских, Балайым Кесебаева Сырдария ауданында болды. 
Онда халық қалаулылары алдымен Ақжарма ауылында болып, бірқатар кәсіпкерлік нысандарымен танысты. Мұнан соң, аудан орталығындағы «Достық» үйінің және Елбасының «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ашылған «Еңбек даңқы» мұражайында болды. 
Келесі кезекте ауысымына 250 адамды қабылдайтын орталық емхананың жұмысымен танысып, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесті. Өз кезегінде сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қуаныш Сұлтанов өңірдегі атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, кездесудің негізігі мақсатымен таныстырды.
- Парламент қабырғасында қабылданған заңдар ел игілігіне қызмет етуі тиіс. Біздің өңірлердегі сапарымыздың негізі мақсаты Елбасының халықты әлеуметтік қолдау бағытындағы жүктеген міндеттердің дұрыс орындалуын қадағалау. Сонымен қатар қарапайым азаматтардың өтініш тілектерін тыңдап мәселелердің шешімін табуына ат салысу, жәрдемдесу, - деп атап өтті.
Аталған кездесуден кейін Мәжіліс депутаттары «Әлеуметтік дүкеннің» жұмысымен танысуға аттанды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қаңтар 2018 г. 121 0