Қазақтың ескі әндері мен күйлері аудиомұрағатқа топтастырылды

Қазақстанның Ұлттық музейінде "Қазақтың музыка өнері" аудиомұрағатының салтанатты тұсаукесері өтеді, - деп хабарланған  Астана әкімдігінің ресми сайтында.

Аталған жоба "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бұл дыбыстық ресурстың мақсаты – ескі дыбыстық жазбаларды түпнұсқалық дыбыста сақтап өскелең ұрпаққа мирас ету, оны жас өнер шеберлерінің пайдалануына мүмкіндік беру, сондай-ақ ғылыми айналымға енгізу. 

Ұсынылған аудиомұрағаттан көне әрі заманауи күйлер мен әндерді тауып, тыңдауға болады. Болашақта халықтың сүйіктісіне айналған орындаушылардың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармаларын жазып, өңдеп, көпшілікке ұсыну жоспарлануда.  

Мәдениет 07 қараша 2018 г. 152 0