Танымал каскадер Қасым Жұмағожин қайтыс болды

Nomad Stunts командасының өкілі қазақстандық танымал каскадер Қасым Жұмағожин қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оның дүниеден озғаны туралы 3 қарашада белгілі болды. Каскадерлар командасының менеджері Евгения Лидің айтуынша, 34 жастағы жігіттің неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.  
– Біз үшін бұл тосын жай болды. Бүгін таңертең жайсыз хабар естідік. Бірінші кезекте Қасымның жақындарына көңіл айтамыз. Ертең оның командадағы серіктестері отбасына барып, қажетті көмек көрсететін болады, - деді Евгения Ли.
Қасым Жұмағожин қазақстандық, ресейлік және голливудтық фильмдерде ойнаған. Еңбең жолын 2005 жылы «Көшпенділер» фильмінен бастаған. Сол жылы ол Тимур Бекмамбетовтың «Дневной дозор» фильміне түскен.  
Мәдениет 04 қараша 2018 г. 338 0