ҰЛТТЫҚ «БАЛА ДАУЫСЫ» БАЛАЛАР ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ КЕЗЕКТІ МАУСЫМЫ

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының үшінші маусымы  өз бастауын 2018 жылдың 15 наурызында алады. Еліміздегі ең ауқымды балалар ән байқауы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.
Байқаудың негізгі мақсаты – музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және болашақта олардың қабілеттерін дамытуға көмектесу.
Биыл «Бала дауысы» байқауы жаңа форматта өтеді.
15 наурыздан 15 сәуірге дейін еліміздің шалғай аудандарында тұратын балаларды барынша қамту мақсатында байқаудың www.notka.kz ресми сайтында онлайн-іріктеу өтеді. Байқауға 8 жастан 12 жасқа дейінгі әрбір бала дайындық деңгейіне қарамастан,  қатыса алады. 18 ең үздік балалар дауысы ғана байқаудың Супер финалына жолдама алады.
Толық ақпарат www.baladauysy.kz сайтында.

Мәдениет 18 наурыз 2018 г. 2 866 0