ОҚЫРМАН ХАТТАРЫ

ШАЛҒАЙДАҒЫ  ЖАҢА МЕКТЕП Әркімге өзі он бір жыл  білім алып, өмірге қанат қақтырған алтын ұясы ыстық көрінеді. Арал ауданындағы №75 Қарашалаң орта мектебі талай жастың өмірден өз орнын табуына лайықты жол сілтеген. Ондағы ұлағатты ұстаздардың еңбегі де өлшеусіз.
ҚОҒАМ 25 қаңтар 2014 г. 555 0

ҚАЗАЛЫНЫҢ КӘМПИТІ немесе фейсбуктегі талқылаулар

Бүгінде әлеуметтік желілер ақпараттық қоғамның алдыңғы шебіне шықты. Әлемдегі және өз еліміздегі жаңалықты жеткізу мен оны талқылауда әлеуметтік желілердің жылдамдығы мен мүмкіндігі дәстүрлі ақпарат құралдарынан әлдеқайда озып кетті. Таяуда ғана мәлім болғандай, желілер рейтингісінде «Facebook» көш бастап тұр. Ақпанда он жылдығын тойлайтын әлеуметтік желіде 1,4 миллиард адам тіркелген. Одан кейінгі орын миллиардтаған қолданушысы бар «YouTube»-ке тиесілі. Ресейлік «В контакте»  де бірінші ондықтан орын алған.
ҚОҒАМ 25 қаңтар 2014 г. 589 0

МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚШЫ

Жуырда Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауын жолдады. Онда еліміздің дамуының даңғыл жолы сараланып, нақты міндеттер айқындалды.
ҚОҒАМ 25 қаңтар 2014 г. 1 187 0

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Елбасы Н.Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында білім саласына айрықша басымдық берді. Оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуда дуальды оқыту технологияларын енгізуді, осыған орай Үкіметке тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
ҚОҒАМ 25 қаңтар 2014 г. 3 155 0

ЕЛ ЖАДЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ТҰЛҒА

Ел басынан өткен талай қиыншылықтардың ортасында болып, қанды  соғыстың қияпатты қырғындарын басынан өткерген, өмірдің өзі оқытып, өзі тәрбиелеп, өзі шыңдаған аға ұрпақтың салып кеткен сара жолы, кейінгіге қалдырған өнегесі мен тағылымды істері ұрпақ жадында сақтала береді.  Өзінің аздаған білімін өмірлік тәжірибеге ұштастырып, қандай қиындықты болмасын қол біріктіре отырып шешудің жолын тапқан, қандай алынбайтын асу кездессе де мемлекеттік мүдде мен ата жолын үйлестіре отырып, ағайынның ауызбірлігін алға шығарған, елдің тұтастығы мен бірлігін қалыптастыруға мұрындық болған кемеңгер ағаларымыз ауданда аз болмаған.
ҚОҒАМ 23 қаңтар 2014 г. 717 0

БАЯНСЫЗ БАҚЫТ

О, махаббат, елтіген түнім едің,  Гүлім едің, пірім едің! Қолдай гөр ғашықтардың пірі мені,  Мен енді тірілемін, – деп ұлы ақын Мұқағали жырлағандай, махаббат дүниедегі барлық адамзат баласының жүрегіне жыр, көңіліне сыр құяды.
ҚОҒАМ 23 қаңтар 2014 г. 512 0

ӨТКЕН ЖЫЛЫ 452 ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС ӨТКІЗІЛДІ

Сәрсенбі күні облыстық баспасөз орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті – тәртіптік кеңестің 2013 жылы атқарылған жұмыстары қорытындыланды. Департамент басшысы, тәртіптік кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаевтың айтуынша, аймақ мемлекеттік қызметшілерінің құрамы үш мың жеті жүзге жетіп жығылады екен. Олардың жетеуі саяси, он төрті «А» корпусының, қалғандары «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері. Ал облыстың мемлекеттік органдарында мың алты жүзден аса әйел адамдар қызмет жасайды десек, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің жартысына жуықтайды.
ҚОҒАМ 21 қаңтар 2014 г. 457 0

МҰРАҒАТҚА ЖЕКЕ ҚҰЖАТ ТА ҚАБЫЛДАНАДЫ

Еліміздегі ұлттық  мұрағат  қоры  құжаттарының мемлекеттік  есебін жүргізу, сақталуының өзіндік тәртібі бар. Оны қамтамасыз ету бағытында  жылма-жыл жоспарлы  жұмыстар жүргізілуі тиіс. Өйткені, оның қажеттілігі ерекше. Осы орайда Жаңақорған аудандық мұрағат мемлекеттік мекемесі қызметінің негізгі бағыттары  мен нәтижелерінің көрсеткіштеріне зер салып көріп едік, мәліметтер былайша «сөйледі»: Есепті мерзім ішінде қор сақтау қоймасынан заңды және жеке тұлғалардан түскен әлеуметтік-құқықтық сипаттағы және басқа түрдегі сұраныстарды  орындау мақсатында  3425 құжат беріліп қайта орнына қойылды. Сонымен қатар, жаңадан қабылданған 926 құжат қоймаға қабылданып, топографиялық көрсеткіштер қайта толықтырылыпты.
ҚОҒАМ 18 қаңтар 2014 г. 540 0

ҚҰҚЫҚТАНУҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Елбасы «Отандық кадрлық әлеуметті тәрбиелеу мен қалыптастыру – жалпы мемлекеттік міндет, әрқайсымыздың парызымыз» мамандар тәрбиелеудің маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті сан алуан саланың мамандарын даярлауда игілікті істер атқарып, белгілі білім ордасына айналды. Бүгінгі біз әңгіме еткелі отырған «Құқықтану» мамандығы өз бастауын 1992-1993 оқу жылының 1-қыркүйегінен алады. «Құқықтану» кафедрасы ашылған кезде профессор Мұстафа Матаев оған меңгерушілік жасаса, алғашқы кафедра құрамында Б.Ахметов, Т.Yмбетова, А.Тасыбаева, Г.Сыздықов, Ж.Исаева сынды білікті де білімді заңгер мамандар болды. Бертін келе, Сыр аймағының құқық қорғау органдарында ұзақ жылдар қалтқысыз қызмет еткен М.Қошманов, М.Жүсіпбекова, М.Ақмұрзаев, С.Абдулов, Н.Байқадамовтар толықтырады.
ҚОҒАМ 18 қаңтар 2014 г. 641 0

МҮГЕДЕКТЕРДІ ҚОЛДАУ БАСТЫ ПАРЫЗ

Тағдырдың тәлкегіне түскен жарымжан жандарды қоғамға бейімдеп, олардың еңсесін тіктеп, өзгелер секілді өмір сүрулеріне қолайлы жағдай жасау – бүгінгі қоғамның басты талабы. Қазіргі сәтте  оларға  қолдау көрсету еліміздің саяси міндетіне айналуда. Оның бір дәлелі ретінде аймағымыздағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде қабылданған 2013-2014 жылдарға арналған Жол картасы бағдарламасын айтуымызға болады. Аталмыш бағдарлама негізінде өткен жылы облыста бірқатар жұмыстар атқарылып отыр. 
ҚОҒАМ 18 қаңтар 2014 г. 1 569 0