КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАҒА ТОСҚАУЫЛ БОЛАЙЫҚ

Елбасымыз мемлекеттік саясаттың бас­ты бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру белгіленген. Бүгінгі күні салық органдары басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің салааралық бағдарламасын іске асыруда. Осы бағдарламаның шеңберінде ұлттық заңнаманы жетілдіруге, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге бағытталған ұйымдастыру-құқықтық шаралар көзделген. Сыбайлас жемқорлық «көлеңкелі» экономикаға жағдай жасайтынына және оның субъектілеріне қолдаушылық көрсетеді, ал «көлеңкелі» бизнес көлемінің өсуі өз кезегінде, сыбайлас жемқорлықты ынталандырады.
ҚОҒАМ 13 қараша 2014 г. 339 0

ТАБЫС ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ ҚАЛАЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ?

Мемлекеттік лауазымды атқара­тын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектісі болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде салық органдарына табыс етпеуі «қасақана табыс етпеуі» болып дәрежеленеді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай ҚР ӘҚБтК) 206-2 бабының 1 бөлігі бойынша осыған байланысты елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, осы баптың бiрiн­шi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі.
ҚОҒАМ 12 қараша 2014 г. 1 612 0

ДІНІМІЗДІ ШЫНАЙЫ НАСИХАТТАЙЫҚ

Өткен аптада Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен "Зайырлы мемлекет – ұлт пен дін тұтастығының кепілі” тақырыбында республикалық семинар өтті.
ҚОҒАМ 11 қараша 2014 г. 558 0

КӨЗҚАРАС ӨЗГЕРУІ ТИІС

"Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұр­мыстық қызмет көрсету, тағам өнер­­кәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіп­орын­дарында жұмыс істей алады. Мен бар­лық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым келеді”. Бұл – Елбасының "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Жолдауында айтылған. 
ҚОҒАМ 11 қараша 2014 г. 447 0

МҮЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТАДЫ

Елімізде мүлікті жария ету акциясының басталғанына екі айдан асып барады. Осымен үшінші мәрте өткізіліп отырған бұл акцияның мақсат-міндеті нені көздейді. Жалпы оның қарапайым халық үшін және ел экономикасына келер пайдасы қандай? Газет тілшісінің облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаевпен жүргізген сұхбатында осындай өзекті мәселелер негізгі әңгіме арқауына айналады.
ҚОҒАМ 11 қараша 2014 г. 702 0

ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУДІ НАСИХАТТАУ ТИІМДІЛІККЕ ЖОЛ АШАДЫ

Елбасы Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен энергияны үнемдеуге ерекше көңіл бөлу керектігін тапсырған болатын. Мемлекет басшысының сол тапсырмасына орай ҚР Үкіметі "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылға дейінгі бағдарламасын” қабылдады. Осы бағдарламада энергия үнемдеуге айтарлықтай басымдық берілген. Әрі бұл мәселе облыс басшылығы тарапынан қолдауға ие болып, бұл бағытта кең көлемдегі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде энергияны үнемдеу саясатын насихаттау ісі де басты назарда тұр.
ҚОҒАМ 11 қараша 2014 г. 540 0

ТӘУЕЛСІЗ САРАПТАМА – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Еліміз тәуелсіздік алып, демократиялық құндылықтарға, өркениетке бет бұрған кезде  Қазақстанның әрбір азаматы өз құқығын ғана емес, сонымен қатар, заң нормаларын да жетік біліп, құқықтық сауаттылығын дамытуы тиіс. Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған Жолдауында көрсетілген өз құқықтарын, заман талабын білуі қажет
ҚОҒАМ 06 қараша 2014 г. 495 0

ТӘУЕЛСІЗ САРАПТАМА – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Еліміз тәуелсіздік алып, демократиялық құндылықтарға, өркениетке бет бұрған кезде  Қазақстанның әрбір азаматы өз құқығын ғана емес, сонымен қатар, заң нормаларын да жетік біліп, құқықтық сауаттылығын дамытуы тиіс. Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған Жолдауында көрсетілген өз құқықтарын, заман талабын білуі қажет
ҚОҒАМ 06 қараша 2014 г. 357 0

ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ

Ұстаз – ұлағатты ұлы есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие мен жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан олар әрдайым құрмет төрінде тұрады. Дүниеде көптеген мамандық бар, солардың ең қиыны ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты ұстаздық дер едік.
ҚОҒАМ 06 қараша 2014 г. 903 0

ҚАЗАҚСТАН ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты биылғы Жолдауында: "Біз энергетиканың дәстүрлі түрлерін дамытатын боламыз. Жылу-электр стансаларынан шығатын қалдықтарды тазарту жөніндегі ізденістер мен жаңалықтарға, өндіріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеуге қолдау көрсету қажет. 
ҚОҒАМ 06 қараша 2014 г. 3 437 0