Онлайн-олжа: соңғы 40 жылда қала халқы қалай өзгерді?

Визуализация маманы Мэтт Дэниелс соңғы 30 жылда қалалардың халық саны қаншалықты өскенін зерттеп, интерактив карта ұсынды. Оның pudding.cool жобасы 2015 жылы жасалған, десе де 1975 жылдан бері урбандалу процесі мен демографиялық тенденцияның қалай жүргенін байқауға болады, яғни карта 1975-2015 жылдар аралығындағы мәліметтерді қамтиды.
 Карта авторына идеяны, жоба құрылымын Алесдер Рей көрсеткен. Кейін Мэтт Дэниелс GHSL–Әлемдік елді мекендер тобының мәліметтерін алып, визуализациялаған. Адам тұратын аймақтар жасыл блоктармен көрсетілген, олар қанша биік болса, халық саны сонша көп. Қою жасыл блоктарда халық тығыз орналасқан, ал қызғылт блок орналасқан аймақта халық саны кеміген. Картаның бірнеше режимі бар: 1975 жыл мен 2015 жылды, 1990 жыл мен 2015 жылды салыстырып, өсу-кему көрсеткішін көруге болады. Мысалы Еуропа, Амерка, Аустралия құрлығында популяция бірқалыпты, ал Азия мен Африкада халық саны едәуір өскен.
Массагет.кз
ҚОҒАМ 04 қараша 2018 г. 203 0