ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛЫП ЖҮР?

А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тұтынушылардың құқығын қорғау – халық тұрмысын арттырудың негізгі жолы» тақырыбында республикалық конференция өтті. 

Оған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, «Әділет» тұтыну­шылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық  бірлестігі бас­қарма төрағасының орынбасары Тұрсын Жа­ғыпарова, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыс бойынша департаментінің бөлім басшысы Ерқасым Сүлейменов, облыстық әйелдер кеңесінің төр­айымы Нұрсәуле Мұсаева мен өзге де сала мамандары қатысты.

Жиында басқарма басшысы Талғат Маханов шараның маңызды­лығына кеңінен тоқ­талды. Мұнан кейін Тұрсын Жа­ғы­парова «Тұты­нушылардың құқығын қор­ғаудағы қордаланған мәселелер: шешу жолдары» бойынша баяндама жасады. Кейбір кәсіпкерлердің пайда табу жолын бірінші орынға қоятынын, тауардың сапасына мән бере бермейтінін жеткізді. Сондай-ақ, Тұрсын Бәткенқызы мектеп асханасын жалға алған кәсіпкерлер қызмет сапасын жақсартуға құлықсыз екенін айтты. Астана қаласының 84 мектебіне  жүргізілген тексерулер осыны дә­лелдеген. Сонымен бірге елімізге сырттан келетін өнімдердің сапасы да сын көтермей тұр. Мәселен, балалар ойын­шығының 95 проценті жарамсыз екені анық­талған. 

Ерқасым Сүлейменов «Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың заңдық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.  Онда тұты­нушылардың тауар алған кезде қандай талап­тарға мән беру керектігін арнайы дайындалған бейнеролик арқылы көрсетті.

Одан әрі Қорқыт ата атындағы  ҚМУ аға оқытушысы  Айнұр Исаева өз ұсы­нысын біл­дірді. Бірқатар сала мамандары тақы­рып аясында хабарлама жасады. Жиынға қаты­сушылар мамандарға сауалдарын қойып, ұсыныс-пікір­лерін білдірді.

ҚОҒАМ 03 қараша 2018 г. 154 0