АҒАШ ЦЕХЫ МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА ТЕГІН КӨМЕК БЕРЕДІ

Бүгінгі таңда кәсіппен айналысам деген жастарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар жоғары. Бұл қолдаулардың жастар да тиімді іске пайдаланып, өз жобаларын жүзеге асыруда.
Жақын күнде «Zhas project» жастар бастамаларын қолдау жобасы аясында Қызылорда қаласында «Шебер ағаш» цехы жұмысын бастады. Цехты жобаның грантын иелеген Нұрлыбек Рахатов ашып отыр.
–Біздің цех алты ай бойы тұрмысы төмен, көп балалы, жетім, соғыс ардагерлерінің тұрмыстық қажеттілігіне жұмыс жасайтын болады.Шағын цех болғанымен тұрмыстық қажеттілікті өтейтін ағаш өнімдерін шығаруға қауқарлы құрал-жабдықтармен жасақталған, - дейді Нұрлыбек.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жастар ресурстық орталығы жәнеқайырымдылық ұйымдарымен бірлесіп қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жоба соңында аталған цех 30 отбасыға көмек көрсетуді мақсат еткен.
ҚОҒАМ 08 қазан 2018 г. 171 0