Таиландтағы үңгірден балаларды алып шыққан құтқарушының шаршап тұрған сәтіне ел сүйсінді

Желі қолданушылары Таиландта үңгірде қалған футболист балалар мен бапкерін жер бетіне шығаруда батылдық танытқан құтқарушыларға сүйсінді, - деп жазады stan.kz.

Құтқарушының балалардың үңгірден алып шығып, шаршап тұрған сәті түсірілген суреті желіге тарап кетті. «Өмірдегі шын батырлар. Операция кезінде құтқарушының бірі үзіліс жасады. Балалар мен бапкердің аман шыққаны қуантады», – деп жазды сурет авторы Reddit желісінде.

Суретке көптеп пікір жазылды. Желі қолданушылары құтқарушылардың батылдығын риза болып, алғысын айтты. Тіпті сезімін білдіргендер де бар. Кейбірі құтқарушылардың батырлығы фильм сюжетіне арқау болатынын айтты.

«Бөтен адамның өмірі үшін жанын салып көмектесетін адамдардың бары қуантады. Оларға алғысымыз шексіз», – деп жазады тағы бірі.

Естеріңізге сала кетейік, 23 маусымда Кхао Луангқа экскурсияға барған мектеп оқушылары мен олардың жаттықтырушысы із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Сол күні жаңбыр қатты жауғандықтан олар үңгірге кірген. Алайда, толассыз жауған жаңбыр үңгірден шығар жолды бекітіп тастағандықтан, оқушылар мен жаттықтырушы ол жерден шыға алмай, қамалып қалды. Үңгірдегі балалардың бірі 8 шілдеде құтқарылса, 10 шілде күні соңғы оқушы мен олардың жаттықтырушысы құтқарылды.

ҚОҒАМ 12 шілде 2018 г. 190 0