Тележүргізуші Әнуарбек Жәлел: Өмірде жай ғана әдемі қызды жар ету аздық етеді

Тележүргізуші Әнуарек Жәлел жар таңдау жолында қателеспеу керек екенін айта отырып, келіншегі Әйгерім Есенәліні туған күнімен құттықтады.
“Өмірде өз адамыңды кезіктіру өте маңызды. Жай ғана әдемі қызды табу аздық етеді. Түсінігі, көзқарасы, мінезі, тәрбиесі саған сай келу керек. Бірге өткізген барлық уақыт бағалы болып, таңды бірге қарсы алуды, кешті бірге батыруды ұнататын жан болу керек жаныңда. Мен өз теңімді таптым. Осымен үшінші жыл қатарынан оның ең сүйікті датасы – туған күнін бірге қарсы алудамыз. Құдай сәтін салса осындай қуанышты күндеріміз көп болады әлі. Туған күнің құтты болсын, маxаббатым! Менің келіншегімді құттықтап қойсаңыздар болады”, – деп жазды ол желіде.
“Құтты болсын! Қосағыңызбен қоса ағарыңыз”, “Құттықтаймын! Мәңгі бақытты болыңыздар… ойыңызға қосыламын”, “Айдайкеріміңмен бақытты ғұмыр кеш! Құтты болсын туған күн!”, – деп құттықтады желі қолданушылары.
Естеріңізде болса, қос тележұлдыз сәуір айында шаңырақ көтерген болатын. Айта кетейік, Әйкерім Есенәлі жарынан бірнеше жасқа үлкен.
ҚОҒАМ 09 шілде 2018 г. 579 0