Қайрат Нұртас анасына 28 млн теңге тұратын көлік сыйлаған

Қайрат Нұртас өмірдегі анасы, өнердегі продюсері Гүлзира Айдарбековаға сыйлаған су жаңа Lexus көлігінің құны 28 млн теңге екені белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Әншінің анасын қуанту үшін ақшасын аяп қалмағаны көрініп тұр. Себебі Lexus RX450 автокөлігінің Қазақстандағы көлік салондарындағы орташа бағасы 27 499 000 теңге екен. Ал, арнайы жасалған 777 GUL деген нөмірдің де құны арзан емес. Елімізде 777 деген санға GUL (гүл) әрпін қосып алу үшін шамамен 691 980 теңге төлеу қажет.

Еске салайық, осының алдында біз әнші Қайрат Нұртастың анасына қымбат көлік сыйлағанын хабарлаған болатынбыз.

ҚОҒАМ 02 шілде 2018 г. 607 0