КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

Сырдария ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы «Есірткі бизнесіне қарсы мүлдем төзбеушілік» тақырыбында жедел профилактикалық іс-шарасы бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті.
Мәжілісті аудан әкімі Ғанибек Қазантаев жүргізді. Кеңейтілген жиынға облыстық ішкі істер департаментінің жауапты мамандары, аудандық құқық қорғау саласының қызметкерлері, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар жетекшілері, мектеп директорлары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ерлан Сағидуллаұлы есірткі бизнесіне қарсы атқарылған шаралар туралы баяндама жасады.
Аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев аудан көлемінде есірткі өсімдіктерін егудің алдын алу шараларының нәтижесін баяндады.
Сонымен қатар, "Шаған Жер" ЖШС төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Бердібек Қадіров пен Қоғалыкөл ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы Сәрсенбек Көмірбаев Қоғамдық кеңес, аудандық мәслихат тарапынан қоғам үшін кері әсері мол қылмысты болдырмау үшін қабылданып жатқан нақты шешімдер жөнінде айтты.
Кеңейтілген мәжілісте А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімі Ғабдолла Алданазаров пен Аманкелді ауылдық округінің әкімі Құрманғали Құлымбетов ауыл әкімі аппаратының нашақорлыққа қарсы атқарған жұмыстарының есебін берді.
Өз кезегінде Тереңөзек кентінің учаскелік полиция инспекторы Еркебұлан Зайдағалиұлы есірткі егілген жерлерді анықтау және олар бойынша тиісті шаралар қолдану жөнінде хабарлама жасады.
Сондай-ақ, облыстық Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Ғани Төлебаев пен облыстық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Ермек Искаков есірткі бизнесін болдырмау мен алдын алу бағытында қажетті күш-құрылымдар мен техникалар бөлінгенін атап өтті.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мырзахметова нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы бағытталған жедел профилактикалық іс-шара бойынша қабылданған Үндеуді таныстырды.
Мәжілісте аудан прокуроры Асхат Тәженов нашақорлық қылмыстарын алдын алудың, болдырмаудың маңыздылығы туралы кеңінен айтып өтті.
Жиын соңында аудан әкімі Ғанибек Қазантаев есірткі бизнесіне қарсы күрес қоғам мүшелеріне ортақ міндет екенін айтып, алдағы уақытта бұл бағытта қарқынды жұмыстар жүргізіле беретінін жеткізді.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы.
ҚОҒАМ 12 маусым 2018 г. 136 0