Өзбек шенеунігі кортежбен жүрген жастарды таксиге отырғызып қойды

Өзбекстанның Жастар одағы Орталық кеңесінің төрағасы Кахрамон Куранбаев журналистермен кездесуінде Андижан, Ферғана және Мананғанға жасаған сапары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды kun.uz. 
Осы сапарларының бірінде ол көшеде кетіп бара жатқан кортежді тоқтатып алып, жастарды таксиге отырғызып қойған. "Кортеждің басқа көліктерін кері бағытта жүруін бұйырдым. Мұндай қымбат жағдай көшелерде әрқайсымызға ыңғайсыздық туғызады. Бұл ісім үшін мені жеккөріп кетсе де, маған бәрібір, себебі тәртіп керек. Жастарды дұрыс тәрбиелей алмасақ, Жастар одағы тәрбие бере алмаса, біз орнымызды босатайық", - деді Куранбаев.
Осыдан кейін Интернетте және әлеуметтік желілерде шенеуніктің әрекеті қызу талқылана бастады. Оқиғаға қатысты пікір білдірген Куранбаев күйеу жігіт пен қалыңдыққа түсіндіріп, заң аясында жұмыс істеген айтты. Сондай-ақ, ол ішкі істер органдарынан кортеждің жағдайымен айналысуды сұрады.  Жастар қозғалысының лидері жастардың қарсы болмағанын және "үлгілі" той өткізілгенін айтты. Түсінбеушілік пен көңіл толмаушылық болған жоқ, дейді шенеунік. Ал мұның алдында Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзиеев мемлекеттік шенеуніктер қатысатын той шараларын сынға алған еді.
 "Премьер-министрлерге, хокимдерге, атқарушы билік өкілдеріне тойға баруға тыйым салынады. Мемлекеттік қызметтегі көліктерді шайханалардың маңында көретін болсам, жұмыстан қуып, қылмыстық жауапкершілікке тартқызамын", - деп мәлімдеген еді Мирзиеев. Сол кезде өзбек басшысы тойдағы тәртіпті реттейтін қаулы шығарылатынын айтқан.

ҚОҒАМ 12 маусым 2018 г. 166 0