Қызылорда облысында 1300-ден астам жас әскери борышын өтеуден жалтарған

Қызылорда облысында 1300-ден астам жас мерзімді әскери қызметке шақыруға келмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыр өңірінде биылғы жылдың басында әскери қызметке шақыру қағазы бойынша келмеген 1300-ден астам жас іздестірілген. Олардың үштен бір бөлігіне жуығы табылды.

«Аталмыш шараның нәтижесінде 430 адам табылды. Бүгінге дейін олардың 30 пайызға жуығы міндетті әскери борышын өтеуге аттанып кетті», - деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Еркінбек Байболов.

2018 жылғы көктемгі әскери қызметке шақыру қорытындысына сәйкес, тапсырыстың орындалуы мен шақыру комиссиясына шақырылушылардың толық келуін қамтамасыз етуде Қазалы, Сырдария, Арал, Жалағаш аудандары алдыңғы қатардан көрінді.

Әділжан Үмбет

 

ҚОҒАМ 12 маусым 2018 г. 87 0