Әрбір сәби бақытты болуға лайықты!

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде 1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күні және 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні ерекше аталып өтті.
«Бала-өмірдің шуағы!» атты  тақырыптағы  мерекелік шараға жеке құрамның елуге жуық балалары қатысты.  
Аталған шарада, ертегі кейіпкерлері кейпінде киінген облыстық департамент ұжымы қызықты ойындар ойнатты. Жүздері қуанышқа толған балақайларда бар өнерлерін ортаға салып, әсем әннің ырғағымен мың бұрала биледі.
Сонымен қатар, балбөбектер «Рәміздер күніне құрмет!» тақырыбында түрлі-түсті бояулармен еліміздің басты нышандарын көмекере бейнелеп салды.
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Еркінбек Серғалиұлы Байболов бүлдіршіндерді арнайы мерекемен құттықтап, алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстады.
Қорғаныс департаментінің ұжымы әртүрлі  қайрымдылық шараларға белсене араласады. Соның бірі департамент қарамағында әлеуметтік тұрмысы төмен төрт отбасы арнайы шараның қонағы ретінде шақырылып, оларға материалдық көмек көрсетілді.
Бірлік пен татулықты ұстанатын әскери қызметшілер арасында ұжымдастарға деген ықылас ерекше болып табылады.
Осы мақсатта, ҚІЖД медицина қызметінің бастығы марқұм болған капитан Ешмұратов Ербол Қуанышбекұлының әйелімен үш баласында мереке күні естен шығарылмады. Балаларына әкесінің өз ісінің мықты маманы және елге абыройлы офицер болғанын, әрі қарай әкелері секілді жігерлі де, ақылды азамат болып өсулеріне - департамент бастығы полковник Еркінбек Серғалиұлы үлкен сеніммен қарайтынын жеткізді.

А.Шағырбаева.
Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінің бастығы.
ҚОҒАМ 01 маусым 2018 г. 93 0