Қажылыққа барудың ерекше жолын тапқан ОҚО тұрғындарына ел сүйсінді

ОҚО, Қазығұрт елдімекен тұрғындары ай сайын "гәп" ойнау үшін бас қосып, жиналған ақшаға өз араларында бір адамды Мекке қаласына умра-қажылыққа жіберетін болып шықты деп хабарлайды ernur.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Гәп" ойынын (орысша-черная касса-Ред.) ұйымдастырушысының айтуынша, бұл ойын жамағаттың көңілінен шығатын болғандықтан, осы ойды ортаға өзі тастаған екен.
Ұйымдастырушының айтуынша, қажылыққа барғысы келетін 21 жанұя жиналады, 15 мың теңгеден шығарып, ортаға тастайды. Ортадан бір адам сайланып, ол қажыллықа барады. Осыған дейін төрт адам Меккеге барып келген.
"Қазір имандылыққа бет бұрғандар көбеюде. Бес парызды орындап, қажылыққа барғысы келеді. Бірақ оның қаржысы көп отбасыға ауырлық етеді. Содан соң оны көпшілікке шашып, кезегімен жіберіп отырсақ дедік", - деді ол.
Аталған ойынға 29 мен 65 жас аралығындағы азаматтар қатысады екен.
Айта кетейік, "гәп" - еліміздің оңтүстігінде сыныптастар, құрдастар, ұжымдастар немесе ағайы-туыстардың көңілді басқосуы.
ҚОҒАМ 05 маусым 2018 г. 213 0