ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КАРТАСЫ

«Қоғамдық бақылау картасы» жобасының мәні мен тұжырымдамасы қарапайым әрі түсінікті. Жобаның басты мақсаты жол құрылысы, әлеуметтік объектілердің құрылысы, көгалдандыру және өзге салаларда қоғамдық бақылауды орнату болып табылады.
Елбасының берген тапсырмаларына сәйкес, 2018 жылдан бастап ауылдық елді мекендердің дербес бюджеттері құрылып, жұмыс жасауда. Облыста бұл бағытта 65 ауылдың өз бюджеті құрылды. Сондықтан, осы мәселеде қоғамдық бақылау картасы жобасының маңызы зор әрі өзектілігі жоғары болып отыр. Ал, қоғамдық бақылау картасы жобасының басты мақсатының бірі ауылдық елді мекендерде құрылған бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуымен тікелей байланысты.    
Жоба аясында бақылау үш түрлі тәсіл арқылы жүргізілетін болады.
Біріншіден, қоғамдық бақылау картасын қалыптастырудың қарапайым және күрделі емес тәсілдерінің бірі әлеуметтік желілер мен телефон байланысын пайдалану болып табылады.
Осыған сәйкес қоғамдық бақылау картасы ол жалпыға белгілі әлеуметтік желілер мен біздің байланыс орталығымыз, яғни, call-орталық негізінде құрылып отыр. Бұл үшін департаменттің «What’s app» және «Telegram» мессенджерлері мен «В Контакте», «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілерде аккаунттары, сонымен қатар, департаменттің call-орталығы 70-25-20 құрылды.
Сонымен қатар, азаматтар фотосуреттермен бірге бейнематериалдарды да жібере алады.
Екінші жолы – қоғамдық бақылау картасын азаматтарға арналған «Qamqor» қосымшасы арқылы жүргізу көзделуде.
Үшінші жолы аудандарда құрылған арнайы мониторингтік топтар арқылы жүргізілетін болады.
ҚОҒАМ 13 наурыз 2018 г. 140 0