АУҒАННЫҢ ОТТЫ ЖЫЛДАРЫ

Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы. Кеңес Одағы тұсында 1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған біздің өңірімізден де жауынгер азаматтар бар болатын.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевтарды еске алу мақсатында мектеп оқушыларының дәстүрлі аудандық спартакиадасы өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Мырзабаев, Қармақшы аудандық «Ауғаныстан және аймақтық соғыс ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Ерманов және аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Ерекешов қатысты.

Жарыс О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебімен Ш.Уалиханов атындағы №26 орта мектебінің спорт злдарында өткізілді. Жарысқа жалпы білім беретін мектептерден 16 командадан 300 ден аса спортшы қатысты. Дәстүрлі спартакиада спорттың 10 түрін қатмыды. Оның ішінде ұлдар және қыздар арасында волейболдан, АК-74 қаруын бөлшкетеу және жинақтау, пневматикалық винтовкадан ату, гір тасын көтеру, және қол күрес түрлерінен болып өтті. Жарысты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Мырзабаев «Ауғаныстан және аймақтық соғыс ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Ерманов қорытындылап үздік нәтиже көрсеткен командалар марапатталды.

ҚОҒАМ 12 ақпан 2018 г. 138 0