Кітап көрмесі өтті

Тарихтан ерекше орын алып, қарыштап дамыған мемлекеттің әрі мәңгілік достықтың символына айналған Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Арқа төсіндегі ару қала – Астана» атты арнайы дайындалған кітап көрмесін оқырмандарға ұсынды.
Аталған шараның мақсаты - Елордамыздың 20 жыл ішінде даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы Астананың абыройын асқақтату. Тақырыпқа сай безендірілген көрме «Астана тарихы – ел тарихы», «Астана – Елбасының ерлігі», «Тәуелсіздік тұмары – Астана» атты бөлімдерден құралған.
Көрме Қазақстан Республикасының астаналарының қысқаша тарихын, Елбасының жаңа астана салу идеясын ұсынуы мен жүзеге асырған кезеңдерді және Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуын қамтиды.
Көрмеге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасын тұлға, әлемдік деңгейдегі саясаткер, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі жасампаз өзгерістердің бастамашысы, қатысушы ретінде сипаттайтын түпнұсқалық тарихи әдебиеттерді, баспасөз материалдарын, Елбасының жаһандық деңгейдегі кемеңгер саясаткер ретіндегі рөлі жан-жақты көрсетілген әдебиеттер қойылды.
Қазақстан Республикасының астаналарының қысқаша тарихы мен Астана туралы 50-ге жуық фотосурет, елорданың өткенінен және бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын мол әдебиеттер қойылды. Кітап көрмесіне 350 кітап қойылды.

ҚОҒАМ 08 қаңтар 2018 г. 188 0