"Ұлы дала комедиясы": Төреғали Төреәлі су жаңа фильмінің тұсауын кесті (видео)

  Үнемі басы даудан арылмайтын Төреғали Төреәлі өзінің су жаңа туындысының тұсаукесерін өткізді. Әнші "Ұлы дала комедиясы" фильмінің жабық көрсетілімін өткізіп, БАҚ өкілдерімен сұхбат өткізді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Фильмнің лентасын Төреғалидің әкесі Төреәлі Төлепов қиса, әншіге қолдау білдіре келген әріптестері қызыл кілеммен жүріп өтті.
Алматыдаға кинотеатрлардың үш кабинасын жалға алған әнші, біріне тек журналистерді жайғастырса, қалған екеуіне жұлдыздар көші орналасты.
"Ұлы дала комедиясының" сюжеті Төреғали есімді әншінің жұлдыз ауруына шалдығуынан басталып, жол апатына ұшырауына жалғасады.
Ол ес-түзсіз жатқан шағында өзге біреудің өмірін сүреді. Аяғы ауыр келіншегі мен жалдамалы пәтері бар Төреғали өзінің "жұлдыз" екенін дәлелдегісі келгенімен, айналасындағыларды сөзіне сендіре алмай әлекке түседі.
Фильм бәрінен де отбасының, жақындардың артық екенін көпшілікке ұғындыруды мақсат еткен.
Айта кетейік, ұлы дала баласының туындысының тұсаукесеріне Мақпал Жүнісова, Жеңіс Ысқақова, "Өнер қырандары", "Меломен" тобы, Тоқтар Серіков сынды әншілер мен әртістер жиналды.
Еске сала кетейік, Төреғали Төреәлі ұшақ бортына рұқсатсыз кіріп кетіп, шу шығарған болатын.
Көп ұзамай әуежай қызметкерлері айыппұл төледі.
Енді әншінің әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны анықталды.


СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 15 қазан 2018 г. 534 0