Ата-анасы ажырасқан кішкентай Әзканың суреті қоғамға үлкен ой салды

Қытайдың «Орталық халық радиосының» сайтында индонезиялық Әзка есімді баланың «Шайқалған шаңырақтың әңгімесі» атты әжуа суреті жарияланды. Ол осы арқылы әке-шешесі некеден ажырасқаннан кейінгі өз өмірін баяндаған.
Көптеген балалар үшін әке-шешесінің ажырасуы үлкен соққы борлып тиеді. Кейінгі өмірінде  сүйіспеншілікке ие бола алмайтындай торығу, жабығу жағдайларында болады. Ал Әзканың басынан өткен жағдай мүлде басқаша секілді. Ол осы суреті арқылы ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншілік азайып,  жалғасты бір үйдің түтінін түтету мүмкін болмағанымен, олардың перзентіне деген махаббаты солғындамайтынын, керісінше арта түсетінін жеткізген.
Мүмкін бұл әңгіме ата-аналар жүрегіне үлкен ой салар, ендеше Әзканың «әңгімесіне» құлақ түріңіздер:
"Менің атым Әзкә, төменде сіздер шайқалған шаңырақтың әңгімесіне ортақтасатын боласыздар. Әкем алғаш шешеме кездесіп, бір-бірін ұнатыпты. Олар бір сүйкімді баламыз болса деп тілепті. Сонымен, 2006 жылы 4 маусым күні мен өмірге келіп, олар маған Әзкә деп ат қойыпты. Біздің үлкен баспанамыз болған. Дәл мен алты жасқа келгенше бәрі ерекше көркем еді. Кейін әкем мен шешем түрлі ұсақ-түйек шаруалар үшін келіспейтін, отбасымыздан ұрыс-керіс үзілмейтін болып, соңында некеден ажырасамыз деп шешті. Олар маған істің мән-жайын түсіндіріп, алаңдамауды кіммен бірге болу керектігі жөнінде  бас ауыртпауымды айтты.
Мен баяғы үйімізде әкеммен бірге қалдым. Бір қызығы әкем бұрынғыдан бетер маған жақын болып, аялайтын, еркелетіп, маған көп уақыт бөліп, қасымда болатын болды. Шешем де бізге жақын жерде тұрды. Мені әр күні келіп көріп тұратын. Олар ендігәрі ерегеспейтін, ұрыспайтын болды. Әуелі біз бірлікте базарға баратын, бірге шетелге демалуға баратын болдық. Мен әлі әкеммен бірге ұйықтаймын. Өйткені тірі өліктерден ерекше қорқамын. Әкем қайратты адам, қасымда болса ештеңеден қорықпаймын. Шешем үнемі келіп, қал-жағдайымды біліп, қарайласып тұрады.
Басқалар менен  кемелсіз отбасында өсудің қиындығы туралы сұрайды. Шынын айтқанда, біздің шаңырақ шайқалған жоқ. Олар қазіргі күндері ерлі- зайыптылар болмағанымен, әлі баяғыдай менің әке-шешем. Маған бұл тұрмыс ұнады. Олардың ұрыс-керіссіз жүргені қуантады.
Олардың қайта қосылуын да қаламаймын. Себебі, барлығының көңілді жүргенін қалаймын. Әкем мен анамның мейірімін бірдей сезіне кезде біздің шаңырағымыздың шайқалмағанын сеземін.
Анашым, сізді сүйемін! Әке, сізді де сүйемін! Мен өте көңілдімін! Сіздер мен үшін әлі сол баяғыдай ең жақсы ата-анасыздар"
 

СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 23 маусым 2018 г. 510 0