Айдың жерге "құлаған" сәті көпшілікті тәнті етті (видео)

YouTube-тағы APOD Videos каналына айдың жерге құлаған сәтінен түсірілген видео жүктелді. Канар аралдарындағы Тейде жанартауның арт жағына қарай "құлаған" айдың бейнежазбасы желі қолданушыларын тамсандырған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Түсірілім барысында дәлдігі жоғары дәрежедегі кәсіби фотоаппарат қолданллған. Видеоны түсірген адам жаңартаудан 16 шақырым қашықтықта тұрды.

Видеода бой көрсеткен адамдар жаңартау шыңындағы күн батысын тамашалуға арнайы келген көрінеді.

Айдың қозғалысы Жер шарының тәуліктік айналуына байланысты болғандықтан, ай жерге құлап бара жатқандай көрініс береді.




https://www.youtube.com/watch?v=afHfMMC-MJE​​​
СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 11 маусым 2018 г. 112 0