57 интернет саудагер табыс салығынан босатылды

Алматыда 57 интернет саудасымен айналысатын субьекті табыс салығын ертеңнен бастап төлемесе болады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматыда 27 заңды тұлға, 30 жеке кәсіпкер электроника, киім, аяқ киім тағы басқа халық тұтынатын тауарларды интернет кеңістігінде сатумен айналысады. 2018 жылдан бастап Жаңа салық кодексіне сәйкес электронды саудамен айналысатын кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жеңілдіктер интернет саудадан түскен табыс кәсіпкердің барлық табысының 90%-ын құраған жағдайда ғана беріледі. Сонымен қатар, төлем тек қана карточкамен жүруі керек. Сатып алушымен мәміле электронды түрде жасалуы, сатушының өзінің жеткізу қызметі жұмыс жасауы керек. Жоғарыдағы талаптардың барлығы бар болған жағдайда кәсіпкер салық органдарына тіркелуге міндетті болады. Осыған дейін Алматы полициясының интернет пабликтерді бақылайтын жұмыс тобын құрғандығын жазғанбыз.



Экономика 29 қазан 2018 г. 187 0