Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызын жариялады

2018 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 166,6 млрд долларды құраған. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық банкі хабарлады.

Ресми дерек бойынша, елдің сыртқы қарызы 0,8 млрд долларға азайған. Сыртқы борыштың көбі - фирмааралық берешекке тиесілі (63%).

Қалған қарыздың 26%- кредиторлар алдындағы "басқа секторлардың" сыртқы борышы, 8% - мемлекеттік сыртқы қарызы, 4% - банк секторының сыртқы міндеттемелері.

2017 жылы маусымда Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанның сыртқы қарызы 167,9 млрд долларды құрайтынын айтқан.

Экономика 03 шілде 2018 г. 416 0