БИЗНЕСТІҢ БЕРЕКЕСІ ЕЛГЕ ОРТАҚ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаппай кәсіпкерлікті дамытуды Үкімет жұмысындағы басым бағыттардың бірі ретінде белгілеп, сол арқылы халықты жұмыспен қамтуды тапсырғаны белгілі. Осыған байланысты қазір аймақтарда ауқымды жұмыстар қолға алынды. Соның бір мысалы ретінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен ай­мақта осы жыл "Жаппай кәсіп­керлікті қолдау жылы" болып жария­ланды. Осы бағыттағы бас­­тамалар аудандарда жалғасып жат­­қанын да айта кетейік. Саланы дамытуда Жаңақорған ауданында жүйелі жұмыстар жүзеге асуда.  

 Кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалы мамандары жыл ба­сынан бері 384 адамға мемлекеттік бағдарламалар бойынша 1257 кеңес беріп, 215 бизнес-жоспар әзірледі. Сонымен қатар  «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында 102 азамат оқып, инновациялық жобаларға арналған грантқа 75 кәсіпкер қатысты.

Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау арқылы кәсіп бастағысы келетін азаматтар қатары аз емес. Сонымен қатар, кейбір ауыл тұрғындарының белсенділігі төмен болып тұрғанын да айта кетейік. Мысалы, осы шараларға Қосүйеңкі, Қара­төбе, Қожамберді, Манап ауылдары тұр­ғындары қатыспай қалған.       

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асырудың 1-бағыты бойынша аудан­дық жұмыспен қамту орталығы арқылы техникалық және кәсіптік білімі бар 102 жұмыссыз азамат тартылып, 5 мамандық бойынша кадрларды қайта даярлауға арналған 3 айлық оқу курсын оқыды.

Бағдарламаның ІІ  бағыты  «Бастау- Бизнес» жобасы шеңберінде аудан әкім­дігімен бірлесе атқарылған жұмыстар нәтижесінде былтыр 195 азамат оқып,  олардың 147-сі жобаларын сәтті қорғап шықты. Бүгінде 115 азамат несие алып, өз кәсіптерін жүргізуде. Біздің аудан ісін жаңа бастаған азаматтардың жоба­сын қаржыландыру жағынан облыс бойынша алғашқы орында.  Негізгі меже оқығандардың 20 % қаржыландыру болса, жоспар артығымен орындалып, көрсеткіш 58,9 % құрап отыр.

Осы жылы аудан бойынша 250 азамат оқытылуы тиіс. Жобаға қатысуға   280 азамат тіркеліп отыр.

Жобаның бірінші тобында 60 азамат өтініш беріп, 48-і тесттен сәттен өтті. Алғашқы топтан 37 азамат жобасын қорғап, қаржыландыруды күтіп отыр. Екін­ші  кезеңде өтініш берген 56 азамат оқытылуда. Дегенмен, қазірдің өзінде талапты сақтамаған 5 азаматты оқудан шеттеттік.

«Бастау-Бизнес» бойынша ауылдық ок­ругтер арасынан Кейден, Сунақата, Төменарық, Түгіскен, Шалқия, Әбдіғаппар елді мекендерінің азаматтары көптеп қаты­суда. 

Биыл аудан көлемінде  аудандық кәсіп­керлер палатасының сүйемелдеуімен бар­лығы  339,2 млн теңгені құрайтын 91  жоба қаржыландырылды.  «Қызылорда»  өңірлік инвестициялық орталығы» мик­роқаржы ұйымы құны 118,2 млн теңге болатын 38 жобаны қаржыландырды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ құны 98,1 млн теңгелік 41 жобаға қаржы бөлді.

«Қамқоршы» несие серіктестігі арқы­лы құны 87,9 млн теңгені құрайтын 10 жоба, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы құны 35 млн теңгені құрайтын 2 жоба  қаржыландырылса, 38 млн теңгені құрайтын 3  жобаның құжаттары Халық және АТФ банктерінің қарауына ұсынылды.    Инновациялық грант бойынша 75 кәсіпкер өз жобаларын ұсынып, 19 жоба оң қорытынды алды. Жобаларға қаржы бөлу арқылы жалпы саны 109 адам жұмыспен қамтылды.

Бұл бағытта Жайылма, Әбдіғаппар ауыл­дарының тұрғындары белсенділік танытса, Қожамберді, Өзгент, Қосүйеңкі ауылдары тұрғындарының қатысуы төмен болып отыр.

 Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруа­шылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ талабына сәйкес аудандық кәсіпкерлер палатасының сүйемелдеуімен аудан бойынша 70 жобаның құжаттары толық  ұсынылып, 193 млн теңге көлемінде қаржыландыруды күтіп отырмыз.

Олардың арасында қой шаруашылығы, құс өсіру, шлакоблок өндірісі, ағаш бұйым­дарын жасау, тігін цехы, наубайхана,  монша, шаштараз ашу секілді жобалар басым. 

Кәсіпкерлер палатасы тарапынан ау­данда ауылшаруашылық өндірістік кооперативін құру бойынша барлық ауыл­дық округтерде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы жылы аудан көлемінде 4 ауыл шаруашылығы өндірістік  коопе­ративі құрылып, оларға кәсіпкерлер палатасы қолдау жасады.

Осылармен қатар, жастарға кәсіби бағ­дар беру шараларын да белсенді жүр­гізудеміз.

Жаңақорған аграрлық-техникалық кол­леджінің 3 мамандығы дуалды оқыту «Жол картасына» еніп, «эксперименталды алаң» статусын алды. Нәтижесінде колледж және 16 кәсіпорын 75 студентпен үшжақты келісім-шарттар жасап, өндірістік оқулар мен кәсіптік практикалар ұйымдастыруда.

Жобаларын өзіміз сүйемелдеп, жаңа­дан ашылған кәсіпкерлік нысан­да­ры­на мектеп оқушыларын, колледж сту­денттерін апарып, жұмысымен та­ныстырып, кәсіпкерлермен кездесу ұйым­дастырамыз. Бүгінгі күнге дейін мұн­дай шараларға 411 жас қатысты.

Палата филиалының бастамасымен Жаңа­қорған аграрлық-техникалық кол­­­лед­жі базасында Студенттік биз­нес-инку­батор құрылды. Ол үшін кол­ледж басшылығы арнайы кабинет бөліп, 2017-2018 оқу жылында   20 са­ғат көлемінде «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» факультативтік сабақ өткізіліп,  сту­дент­терге табысты бизнес құру және оны дамыту бойынша әдістемелік көмек көрсетілуде.

Биыл аймақ басшысының қолдауымен Ресей мемлекетінде оқып жатқан Сыр жастарының алғашқы легі оқу бітіріп, елге маман болып оралады. Осы бағытта аудан әкімдігімен бірлесіп, оларды Жаңақорғандағы кәсіпорындарға орна­ластыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ,  осы жылы Елбасының «Алтын сапа»   сыйлығы  мен      «Қазақстан­ның үздік тауары» көрме-конкурсында біздің аудан кәсіпкерлері де бақ сынайтын болады. Қазір көрме-конкурсқа 5 мекеме өтінім берді, «Алтын сапаға» «СКЗ-U» ЖШС құжаттары әзірленуде. 

Бұрын кәсіппен айналысу, кәсіпкер болу қарапайым азаматтар үшін сон­шалықты қиын көрінетін. Аймақ бас­шысының  жан-жақты қолдауының арқа­сында ел көңілінде үміт, сенім қалыптасты. «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» бастамасы осы үміттің үлгілі іске, сенімнің серпінді тірлікке айналуына дем береді.   

 

Марлен НҰРТАЗАЕВ,

облыстық 

кәсіпкерлер палатасы

Жаңақорған аудандық 

филиалының директоры.

Экономика 03 шілде 2018 г. 852 0