ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ҚҰШТАРЛЫҚ

Құрылыс – экономикамызға жаңа серпін беретін маңызды сала. Құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, небір зәулім ғимараттар бой көтеруде.

Кейінгі жылдары бүкіл республика бойынша, оның ішінде Сыр өңірінде құ­рылыс саласы қарқын алуда. Өңіріміздің сәулеттік келбетіне заманауи көрік беріп отырған сәнді де жайлы құрылыстар қалың жұрт­шылыққа қуаныш сыйлап, әрі аймақ дәулетінің еселеп өсуіне  серпін беруде.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік рево­лю­ция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жол­дауында құры­лысқа және коммуналдық секторға за­манауи техно­логияларды енгізуді мін­деттеп отыр.

Сонымен бірге, халық үшін тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруда «Нұрлы жер»  бағдарламасы іске асырылуда.

Қазіргі уақытта облыс орталығының сол жағалауын игеру жұмыстары жүр­гізілуде.

Сол жағалаудағы жаңа қала – бұл 1532 гектарды құрайтын аумақ, оның 367 гектары рекреациалық аймақтарды құруға,  қалған бөлігі тұрғын үйлер, сауда және офистік ғимараттар, әлеу­меттік инфрақұрылым объектілері құрылысына арналған.

Бүгінгі күні аумағы 23,1 гектарды құрайтын аймақта 5 қабатты 18 тұрғын үйдің 320 орындық балабақшаның, жастар орталығы мен «Болашақ» университеті ғимаратының құрылыс­тары қарқынды жүргізілуде. 

Сонымен қатар сол жағалауда Қазақ Орталық Атқару Комитеті ғимаратының үлгісінде салынған мұражай бой көтерді. Қазақ Орталық Атқару комитетінің (КазЦИК) тарихи ғимаратында музеймен бірге Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасынан туындайтын міндет­терді, жүзеге асыратын «Рухани жаң­ғыру» орталығы орналасатын болады. Бұл облыстың тарихын айшықтайтын бірегей құрылыс болмақ.

Биыл 2 шағын аудан бой көтеріп, 16 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. Сонымен қатар, 2018-2020 жылдары  сол жағалаудағы аумақта қосымша 100 адамға кеңес беретін емханасы бар 300 төсектік көпсалалы  аурухана, неке сарайы, 900 орындық мектеп, 320 орындық балабақша, ойын-сауық кешені, 7,6 шақырымды құрайтын дамбы-жол, отбасылық медициналық орталық, «Шіркейлі» каналының үсті­мен салынатын көпір мен басқа да объектілердің құрылысын бастау көз­делуде.

Құрылыс – бұл жай ғана мамандық емес, бұл жасампаздыққа құштарлық.

Облыс әкімінің бастамасымен, құ­рылыс, сәулет және қала құрылысы бас­қармасы  Астананың 20 және Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерейтойлары аясында Сыр елінде еңбек адамының, жұмысшы маман­дықтарының, оның ішінде құры­лысшы беделін жоғарылату және танымал ету, жоғары білікті еңбекті насихаттау және тәжірибе алмасу мақсатында «Үздік қалаушы» және «Үздік сылақшы»  номинациялары бойынша рес­публикалық конкурс өткізілді. Кон­курсқа еліміздің өңір­лерінен мықты деген беткеұстар мамандары қатысып, бақ сынасты. Қалаушы мен сылақшы құрылыс ішін­дегі базалық мамандықтар. Аталған жұмыстардың сапасына объек­тінің соң­ғы көрінісі байланысты болады.

Осы орындалып жатқан жұмыс­тардың мақсаты – халыққа қолжетімді, заманауи технологияларды қолдану арқылы салынған ыңғайлы әрі әдемі тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар тарту ету. Бұл орайда Қызылорда өңірі көш басынан көрінуде.

М.Әлсеріков,

  облыстық құрылыс, 

сәулет және қала құрылысы 

басқармасының басшысы.

Экономика 26 маусым 2018 г. 118 0