БЕРІКТІҢ БИЗНЕСІ

Берік Байкөшенов көп жылдар бойы вагон депосында қызмет атқарғанТұрақты табыс пен жайлы жұмысқа үйренген ол аяқ астынан кәсіп ашуға бел буадыБизнестен еш хабары жоқ Берік табыс пен құлдыраудың қатар жүретінін білсе деалған бетінен қайтпай жаңа кәсіпке кірісті

Нарықты зерттей отыра жарнама агенттігін ашып, жұмысын бастап кетті. Өз қаражатына шағын қондырғы алып, бейдждер, визиткалар, шақыру билеттері секілді бұйымдарды жасап шығарды. Тұрақты тұтынушылары көбейіп, тапсырыс көлемі ұлғайған соң, шағын кәсіпорнына жаңа қондырғы қажеттілігі туындағанда Берік «Даму» қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кеңесіне жүгініп, несие алуға шешім қабылдады. Қор кеңесшісі Шолпан Үндірбаева кәсіпкерге несие алуға қажетті құжаттар дайындауға көмек көрсетіп, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатысуға кеңес берді. Нәтижесінде, Берік Байкөшенов аталған бағдарлама аясында небәрі 6%-пен несиеге қол жеткізіп, баннер шығаруға және көлемді әріптер кесуге мүмкіндік беретін кескіш плоттер мен кең форматты принтер сатып алды.

– Бизнесті сәтті жүргізу үшін күнделікті тынбай еңбектену қажет. Сонымен қатар үнемі ізденіс үстінде жүріп білім алып, кәсіби деңгейін арттыруға ұмтылмаса, барлығы бекер болады. Бизнесті табысты жүргізуге ең керегі – қаражат. Ал мұндай мүмкіндікті мемлекеттік бағдарламаға қатысу арқылы шешу қарастырылған. Барлық мүмкіндіктер мен жеңілдіктер туралы «Даму» қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан біліп отыруға болады, – дейді кәсіпкер.

Айта кететін болсақ, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында бизнес ашуға және оны дамытуға 6%-пен 19 млн теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік бар.

Ш.АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ.

Экономика 29 мамыр 2018 г. 137 0