Қазақстанда депозит бойынша мөлшерлеме айтарлықтай төмендейді

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚДКБҚ ұсынатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12 пайызға дейін төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
"Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ Директорлар кеңесі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерге ұсынатын теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесін қайта қарап шықты.
"ҚДКБҚ" АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, 1 шілдеден бастап: · жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы жаңадан тартылған депозиттері бойынша  ұсынылатын ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12 пайызға дейін төмендетіледі; · жеке тұлғалардың жаңадан тартылған шетел валютасындағы депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі - сол деңгейде сақталады (1 пайыз). Депозит нарығының конъюнктурасы күрт өзгерген жағдайда, бұл мөлшерлемелерді Директорлар кеңесі және (немесе) "ҚДКБҚ" АҚ-ның жалғыз акционері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі,қайта қарауы мүмкін", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жеке тұлғалардың теңге мен шетел валютасындағы депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін анықтау және бекіту Әдістемесіне сәйкес айқындалады. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ҚДКБҚ Директорлар кеңесі бекітетін және ұстану үшін депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерге ұсынылатын жеке тұлғалардың салымдары бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі номиналды мөлшерлемеге емес, жылдық  тиімді сыйақы мөлшерлемелеріне байланысты.
Экономика 23 мамыр 2018 г. 130 0