БҮГІНГІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ

Әлем экономикасы баяу болса да ілгері жылжып келеді. Бүгінгі күннің тым күрделі сипатына қарамастан, Қазақстанда экономикалық дамудың 7 айының қорытындысы біршама жақсы көрсеткіштермен сипатталады. Экономиканың ішкі жалпы өнім өсімі 4,2 пайыз құрап отыр. Айрықша атап өтерлігі, негізгі өсім «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде мүмкін болды.
Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында республика бойынша өнеркәсіпте 7,8 пайыз, ауылшарушылық өнімдері өндірісінде 3,1 пайыз өсім байқалған еді. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының көлемі 5,9 пайызға, тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 11 пайызға артқан. Бірінші жартыжылдықта сыртқы және ішкі даму жағдайларының жақсаруы аясында Қазақстан экономикасы өзінің өсуін жалғастырады. Енді осы өнеркәсіп өндірісінің қол жеткен қарқынын ұстап тұру үшін екінші жартыжылдықта салалар бірінші жартыжылдыққа қарағанда неғұрлым жоғары серпінде өсуі керек, – деп атап көрсетеді сарапшылар.
Егер деректерді саралайтын болсақ, соңғы 5 жылда ішкі жалпы өнімнің 60 пайызы экономика белсенділігінің екінші жартыжылдықта артуы есебінен қалыптасып отыр. Мысалы, 2016 жылы ішкі жалпы өнімнің 1 пайызға өсуі кезінде алғашқы алты айда өсу 0,1 пайызды құраса, екінші жартыжылдықта экономиканың өсуі 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 пайызға дейін жеделдеген. Ал биылғы жыл қорытындысында 4 пайыздан артық өсімді сақтау үшін алдағы тоқсандарда жалпы ішкі өнім, 4,1-4,3 пайызға өсуі керек. Бұл сарапшылардың, сонымен бірге Үкімет алға межелеген келелі міндеттердің бірі.
Жуырда Премьер-министр Б.Сағынтаевтың атап көрсеткеніндей, Елбасының тапсырмасын орталық өңірлердегі жергілікті атқарушы органдар бірлесіп атқарды. Өсім 4,2 пайыз болды. Дегенмен, негізгі жұмыстарды екінші жартыжылдықта атқаруға тура келеді. Бұл Елбасының экономиканы барынша тиімді жолмен одан әрі дамыту бойынша берілген тапсырмаларының орындалуының нақты көрінісі болып табылады.
Қазіргі таңда елімізде «Нұрлы жер» тұрғын ұй құрылысы бағдарламасын жүзеге асырудың аралық қорытындысы шығарылды. Мәліметтерге иек артсақ, үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында жалпы 5,5 млн шаршы метр немесе 47,7  мың пәтер мен үй пайдалануға берілген. Бұл  жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда біршама артық. Ал мемлекеттік қаражат есебінен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 7, 3 мың пәтер пайдалануға берілді. «Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жағынан Астана мен Алматы қалалары озық келеді. Астанада 1,5 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілсе, Алматы 928 мың шаршы метр тұрғын үй салды. Бұдан бөлек, Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының жақсы жұмыстары атап көрсетілді.
Үстіміздегі жылдың 7 айының алдын ала нәтижелері бойынша  еліміздің даму барысына талдау жасаған Елбасы Үкімет басшысы Б.Сағынтаевқа алдағы уақыттың межелерін баяндап берді. Мемлекет басшысы бұл орайда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.
Экономикада негізгі капиталға салынған инвестиция өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайыз өсті. Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақты жағдай қалыптасты. Маусыммен салыстырғанда шілде айында инфляция өсімі 0,1 пайыз құрады. Азық-түлік өнімдері 0,5 пайызға арзандап, жұмыссыздық 4,9 пайыз құрады. Бұл, егер әлемде тосын құбылыс болмаса Үкімет белгілеген инфляция биыл 6-8 пайыз көлемінде қалыптасқанын аңғартып отыр.
Елімізді индустрияландырудың екінші бесжылдығы басталды. Алғашқы тоқсанда 31 жоба іске қосылды. Екінші тоқсанда қосымша 100 жоба іске қосылып, 10000 жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Алдағы уақытта республика жолдарының 469 шақырымы ақылы болады. Биылдың өзінде іске қосылған бұл жоба өз тиімділігін көрсетті. Астана-Бурабай тас жолы бір жылда 1,5 млрд теңге табыс әкелетін болады. Осыған сәйкес бірқатар жолдарды осы жүйеге қосу жоспарланып отыр.
Елімізде «Нұрлы жол» бағдарламасы жемісті жүзеге асырылуда. Оның шеңберінде биыл 10,2 млн шаршы метр үй пайдалануға берілетін болады.
Алайда, елімізде атқарылатын міндеттер ау¬қы¬мы әлі де ауқымды. Осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысы әлемдік экономика өсімінің баяулауы негізгі шикізат тауарларына сұраныс пен бағаның төмендеуі жағдайында, сондай-ақ теңге-нің еркін айналым бағамына көшуге байланысты дағдарысқа қарсы жүйелі және жедел шаралар қабылдау қажеттігі туындайтынына назар аудару керектігін атаған болатын.
Атап айтқанда, Қазақстан Прези¬денті дағдарыс өзінің теріс салдарларымен бірге отандық эконо¬миканы қайта құрылымдау үшін, оның бәсекелік қабі¬летін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер бере¬тініне тоқталды.
– Өзінің бәсекеге қабілетін көр¬сеткен күшті компаниялар ғана қалатын уақыт келді. Қал¬ған¬дары кетуі тиіс, олардың орнына заманауи менеджмент, жаңа маркетингтік стратегия, жаңа мамандар әкелетін жаңа басқарушылар келеді. Бұл үдерістердің айқын регла¬мент¬телуі және ашық заңнамалық негізі болуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Сол жолы Елбасы жекешелендірудің екінші «толқынының» қарқыны жеткіліксіз екенін мәлімдеген болатын.
– Осы науқан бастағалы бәсе¬ке¬лік ортаға небәрі 2013 нысан берілді. Менің тап¬сыр¬мам бойынша Үкімет ме쬬лекетсіздендіру жә¬не жеке¬ше¬лен¬діру амалдарын түбегейлі қайта қарады, олар бүгін¬де Пар¬ла¬ментте қаралып жатқан жа¬ңа заң жобасында көрініс тапты. Үкіметке ұлттық холдингтер мен республикалық меншіктегі мей¬лінше ірі 65 кәсіпорынды, сондай-ақ «Са¬мұ¬рық-Қазына» қоры¬ның 182 еншілес кәсіпорнын қамтитын жеке¬ш嬬лендіру ны¬сан¬дарының басымдылығы бар тізбесін бе¬кі¬туді және оны де¬реу жүзеге асыруға кірісуді тап¬сырамын. Бұл ретте ны¬сан¬дарды жеке¬ше¬лендіруге беріп қана қоймай, олардың сатылым алдындағы дайындығын қам¬та¬масыз ету керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев сол жолы мемлекет-жекеменшік серік¬тестігінің түрлі формалары эко¬но¬миканың барлық саласында қолданылып, инфрақұрылымды, соның ішінде әлеуметтік инфра¬құрылымды дамытудың негізгі тетігіне айналуы тиістігін атап өтті.
– Бүгінде мемлекет-же¬ке¬меншік се¬рік¬¬тестігін қол¬дану үшін барлық жағдай жасалған, тиісті құқықтық-нор¬¬ма¬тивтік ак¬тілер қабылданған. Бірақ әлі күнге ойдағыдай тиімділігі жоқ. Мемлекеттік органдармен және міндетті түрде әкімдіктермен мемлекет-жекеменшік серік¬тес¬тігін енгізу мәсе¬лелері жөнінде кең ауқымды әдістемелік жұмыс жүргізу қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы бұл орайда халыққа мемлекет-жеке¬меншік серік¬тестігінің не¬гізгі қағидаттарын түсіндірудің қа¬жеттілігін және соның аясында шетелдік инвестициялар тарту жұмыстарын күшейту керектігін мәлімдеді.
Елбасы елде жүзеге асы¬рылып жатқан индус¬трия¬лық-инно¬вациялық және «Нұрлы жол» бағдар¬ламалары өнеркәсіпті және инфрақұрылымды дамы¬туға зор ықпал ететінін атап өтті.
Қазақстан Президенті соңғы уақыттары біздің елмен ынтымақтасқысы келетін әлемнің жүзден астам ірі компаниялары басшыларымен кездескенін, әлемде Қазақстанда бизнес жүрг¬зуге деген зор қызығушылық барын, өзінің жыл басынан бері мемлекет басшыларымен өткен кездесулерінің барысында Ұлыбритания, Франция, Қытай, Жапония сияқты экономикалық жағынан қуатты елдердің ин¬вес-торларымен жалпы құны шамамен 46 млрд доллар болатын 130 келісімге қол қойылғанын, осы уағдаластықтарды жүзеге асыру бізге әлемдік нарықта сұраныс бар тауарлар өндіруге, мыңдаған жаңа жұмыс орыдарын ашуға мүмкіндік беретінін атап көрсеткен еді.
– Үкіметтің дағдарыстық құбылыстарды еңсеру жөніндегі қалыптасқан амал-әдістері мен тетіктері бар екенін білемін. Биылғы жылға арналған респуб¬ликалық бюджетті нақтылау және үшжылдық бюджет өлшемдерін өзгерту жөніндегі Үкіметтің ұсы¬ныста¬рын мен қолдадым. Біз бүгінде әлеуметтік маңызы бар көптеген тауар түрлері бағасының өсіп жатқанын көріп отырмыз. Осыған байланысты Үкімет пен әкімдер аса қажетті тауарлар бағасының мониторингін жүргізу жұмысын жандандыруға тиіс, егер қажет болса, халықтың әлсіз топтарына атаулы әлеуметтік көмек арқылы қолдау көрсету керек, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті бағаны ұстап тұру іскерлік ахуалды нашарлата отырып, бизнеске қысым жасау тетігіне айналмауға тиістігіне назар аударған болатын.
– Бағаның дәлелді түрде арттырылу мен пайда табу мақ¬сатында өсірілуін айқын ажы¬рату қажет. Тауардың шынайы нарықтық бағасы болуға тиіс. Аса қажетті тауарларға қатысты алыпсатарлыққа жол бермеген жөн. Барлық өңірдегі ахуалды қадағалап отыру керек. Ең алдымен, бұл үшін жеке жауапкершілік әкімдер мен Үкімет мүшелерінің мойнында болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінгі таңда біздіңше, Президенттің сол жолы айтқаны әлі өміршеңдігін сақтап отыр.
Осының барлығы осыдан жыл жарым бұрын қойылған міндеттер еді. Бүгін көріп отырғанымыздай, олардың бірқатары орындалды. Нарық қатынастарына тереңдеп енген сайын бірқатар міндеттерді орындаудың күрделене түскенін де байқап отырмыз. Президенттің пайымдауынша, қазір экономиканы несиелендіру маңызды мәселе болып табылады. Елбасы туындайтын біршама тәуекелдерге қарамастан 2017 жылды табысты қорытындылаудың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану керектігін мәлімдеді. Бұл орайда ол энергия ресурстары бағаларының төмендеуін, Ресейге қатысты Батыс санкцияларының Қазақстанға тигізер кері ықпалын атады.
Осының барлығы, сайып келгенде, әлемдегі саяси құбылыстардың әлі де күрделі сипаттан арыла қоймағанын айғақтайды.

Ж.ӘЛМАХАН.
Экономика 12 тамыз 2017 г. 162 0