Аршавин "Қайраттағы" соңғы ойынын өткізеді

Ресейлік танымал футболшы Андрей Аршавин 11 қараша күні "Қайрат" сапындағы соңғы қоштасу ойынына қатысады. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.
- Қарағандының "Шахтер" клубына қарсы кездесуде әйгілі футболшы Андрей Аршавин қоштасу ойынына шығады. Алматылық команда сапындағы жарқын ойындары үшін футболшыға клуб пен жанкүйерлер зор алғысын білдіреді, - деп хабарлады.
 Ел премьер-лигасының соңғы турындағы "Қайрат" пен "Шахтер" арасындағы кездесу 11 қараша күні Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.
Андрей Аршавин "Қайрат" сапында үш маусым ойнады. 100-ден аса ойынға қатысып, 30 гол, 37 нәтижелі пас берді. Клуб сапында екі рет ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды. ҚР Кубогы мен Суперкубогында жеңіске жетті.
ДОДА 05 қараша 2018 г. 170 0