Қазақстандықтар есу слаломынан Азия чемпионатында 4 медаль иеленді

Қазақстандық спортшылар есу слаломынан жастар мен жасөпірімдер арасындағы Азия чемпионатында командалық жарыста төрт медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Олимпиада комитеті.  
Бүгінде Иранның Кередже қаласында құрлықтық біріншілік өтіп жатыр. Іс-шара бағдарламасының командалық жарыс түрлерімен қорытындысы бойынша Қазақстанның қоржыны төрт медальмен толықты. Оның біреуі - алтын. А. Куликов, К. Еренғайыпов және А. Аманбаев каноэмен есуде үздік атанды.   М. Становский, К. Еренғайыпов және А. Аманбаев байдаркамен жарыста үшінші келді. Өз кезегінде Е. Очаковских, Р. Таштамышев және С. Тихомиров каноэмен есу слаломында қола медальды иеленді. Аталмыш спортшылар байдаркамен жарыста да үшінші орынды жеңіп алған болатын.  




ДОДА 03 қараша 2018 г. 19 0