VI Халықтық спорт ойындары өз мәресіне жетті

Байқоңыр қаласында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесіне арналған VI облыстық халықтық спорт ойындарыны өз мәресіне жетті.
Жарысты ұйымдастырушылар Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Байқоңыр қаласының мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасы Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай алтыншы мәрте ұйымдастырылған спорттық бәсекеге Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 9 команда, барлығы мыңнан аса спортшы бақ сынасты.
Сайыс спорттың 12 түрінен волейбол, стрит воркаут, жағажай волейболы, стритбол, шағын-футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, гір спорты, қол күресі, үстел теннисі, Президенттік көп сайыс, асық атудан өтті.
Жарыс нәтижесінде Қармақшы ауданының командасының төмендегі спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрінді:
Гір тасын көтеру:
63 кг салмақ дәрежесінде – Жалғасбаев Ерсұлтан І орын
68 кг салмақ дәрежесінде – Оспанов Абай ІІІ орын
73 кг салмақ дәрежесінде – Айтбаев Тілеумбет ІІІ орын
Президентік көп сайыс:
Ерлер арасында
21-23 жас аралығында – Қайрулаев Батыржан І орын,
24-34 жас аралығында - Әбілқасымов Бақытбек ІІ орын
35-39 жас арылығында – Байменов Талғат І орын
50-59 жас аралығында – Рысмамбетов Ораз ІІ орын
Әйелдер арасында
24-34 жас аралығында Мұхамедиярова Малика ІІ орын
Қол күрес:
70 кг салмақ дәрежесінде – Қанаев Талғат І орын
90 кг салмақ дәрежесінде – Демеуов Алмат ІІ орын
100 кг салмақ дәрежесінде – Қожабаев Аман І орын  
Жағажай волейболы:
Әйелдер командалары арасында жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.
Қазақша күрес:
Әйелдер арасында 52 кг салмақ дәрежесінде- Нұрмаханова Гүлайлым ІІІ орын
Ерлер арасында 60 кг салмақ дәрежесінде - Тілеубергенов Нұржан ІІІ орын
66 кг салмақ дәрежесінде – Жалғасбекұлы Арман ІІІ орын
82 кг салмақ дәрежесінде – Киікбаев Ердәулет ІІІ орын
100 кг салмақ дәрежесінде – Алмаханов Спандияр ІІІ орын
+100 кг салмақ дәрежесінде – Баймаханов Марат І орын
Жоғары көрсеткішке қол жеткізген спортшыларымыз үстіміздегі жылдың 21-25 қыркүйекте Маңғыстау облысы Ақтау қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін республикалық халықтық спорт ойындарына қатысады.
ДОДА 30 шілде 2018 г. 284 0