5 боксшы «Алтын қолғап» иегері атанды

Сербияның Суботица қаласында өткен «Алтын қолғап» халықаралық турнирінде Қазақстан жастар құрамасының боксшылары 5 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жастар арасындағы халықаралық турнирге Қазақстан боксшыларын қоса алғанда әлемнің 23 мемлекетінің спортшылары бақ сынаған. Жарыс 10 салмақ дәрежесінде өтті. Қазақстандық балғын былғары қолғап шеберлері он салмақтың бесеуінде топ жарып, «Алтын қолғап» турнирінің чемпионы атанды. Олар - Талғат Сырымбетов (52 келі), Арнұр Ахметжанов (91 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүзал Садықова (81 келі), Дина Исламбекова (+81 келі).  Ал Азат Асанов (69 келі) күміс жүлдені қанжығасына байласа, Еркежан Дәулетжанқызы қола жүлдегер атанды.


ДОДА 17 шілде 2018 г. 410 0