Головкин-Альварес екінші жекпе-жегі билеттерінің құны 8 млн теңгеден астам

Las Vegas Now  басылымының журналисі Крис Маатхьюс 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena  залында өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің арасындағы қарымта кездесуге сатылатын билеттердің құнын атады, -  деп хабарлайды Sports.kz.
Кейбір сайттарда жоғары ярустардағы тұрып көретін орындарға арналған ең қолжетімді билеттердің бағасы - 554 доллар (190 850 теңге). Рингсайдқа арналған ең қымбат билеттердің құны 23 250 АҚШ долларына жетеді (8 009 625 теңге). Ал ресми түрде билеттерді сатумен айналысатын AXS.com сайтында ең қолжетімді билет 800 доллар (275 600 теңге) тұрады. 1XBET букмекерлік кеңсесі «Канело» - GGG қарымта жекпе-жегі үшін мынадай коэффицентер ұсынады: Головкиннің жеңісі - 1,6, Альварестің жеңісі - 2,69, тең түссе - 23. Еске сала кетейік, боксшылардың алғашқы кездесуі 2017 жылы 16 қыркүйекте өткен еді. Дау туғызған жекпе-жек тең аяқталған болатын.


ДОДА 16 шілде 2018 г. 426 0