Головкин - Сондерс жекпе-жегінің қашан, қайда өтетіні айтылды

Британияның Daily Mail басылымы орта салмақтағы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) титулдарды біріктіру жекпе-жегін өткізуге жақын екенін жазды. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
«Билли Джо Сондерс Лондонда Геннадий Головкинмен супер жекпе-жек өткізуге жақынү Өйткені қазақстандық боксшының «Канеломен» рематчқа қатысты келіссөздері тығырыққа тірелген. Головкин - Сондерс жекпе-жегі тамызда Олимпиадалық стадионда өтуі мүмкін. Головкиннің өзі де Лондонда жекпе-жек өткізуге қарсы болмаса керек, ол мұнда Келл Брукты нокаутқа жіберген болатын. Жалғыз қиындық IBF белдігін қорғау, бірақ Ұлыбританияда Сондерспен өтетін жекпе-жек қыруар ақшаға кенелтеді», - деп жазады Daily Mail.
Орта салмақта Головкин WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша, ал Сондерс WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Осы жекпе-жектің жеңімпазы дивизионның абсолюттік чемпионы атанады.

ДОДА 07 маусым 2018 г. 41 0