БАБЫ КЕЛІСКЕННІҢ, БАҒЫ ЖАНАДЫ

Ел атынан сынға түскен қызылордалық дзюдошылар Азия чемпионатынан 3 медаль иеленді. 

Ливан елінде дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен чемпионатта қазақ елінің спортшылары сәтті өнер көрсетті. Жасөспірімдер арасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды алса, жастар құрамасы 3-орынға қол жеткізді. 

Сыр елінің түлектері Құндыз Жылқыбай мен Нұрдәулет Аманқосов жекелей сында күміске ие болды. Ал, 44 келі салмақта сынға түскен Адия Сайын 2-орынды еншіледі. Олар Жалаңтөс баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың және №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары.

Алдағы уақытта Қ.Жылқыбай мен Н.Аманқосов халықаралық жарыстарға дайындалса, А.Сайын қазан айында Босния елінде өтетін Әлем чемпионатында бағын сынайды.

Дзюдошыларды бапкерлер Қален Қалиұлы, Жанарбек Сансызбаев, Ришат Бурлов, Рамазан Мұстафаев, Тұрар Баймаханов және Қайрат Баякенов дайындады.

ДОДА 17 мамыр 2018 г. 35 0