Лас-Вегаста Головкиннің жекпе-жегі өтпейді

Boxingtalk.com дерегіне сәйкес, Невада штатындағы Атлетикалық комиссия (NSAC) Лас-Вегастағы MGM Grand аренада 5 мамырға жоспарланған Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Sports.kz.
Енді боксшы 5 мамыр күні рингке шығып жатса, жекпе-жек Лос-Анджелес қаласының сыртында орналасқан Карсоне қалашығында, StubHub Center шаршы алаңында өтпек. Айта кетсек, бұған дейін BoxRec.com сайты да GGG келесі жекпе-жегі  өтетін орын ретінде Карсонды белгілеген еді. Әзірге Головкиннің нақты қарсыласы да анықталған жоқ. Болуы мүмкін кандидаттар арасында ирландиялық Гэри О Саливан мен украиналық Сергей Деревянченко бар. АҚШ боксшысы Ванес Мартиросянның кандидатурасы бұл тізімнен алынып тасталды.


ДОДА 11 сәуір 2018 г. 868 0