БОЗ КІЛЕМДЕГІ БЕЛДЕСУ

 Манап ауылдық округінде жасөспірімдер арасында еркін күрестен тыл ардагері Кәрәмат Атахожаевты еске  алуға арналған аудандық ашық біріншілік өтті. Сайысқа 2004-2006 жылдары туған 100-ге жуық спортшы қатысты.

Шарада «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Байқожаұлы ардагер Кәрәмат Әбләмитұлының өмір жолын, кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесін сөз етіп, жастарға сәттілік тіледі.

Боз кілемдегі белдесу тартысты өтті. Сайдың тасындай іріктелген оғландар қарсыластарын алып та, шалып та жығып жатты. Жарыс нәтижесінде жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

М.ОТАРАЛЫ.

ДОДА 31 наурыз 2018 г. 935 0