Түстен кейінгі ұйқы пайдалы - дәрігерлер

Американ физиологтары күндізгі ұйқы адам ағзасына пайдалы деген қорытындыға келді. Ғалымдардың айтуынша, 30 минуттық ұйқы күштің қайта қалпына келуіне және ми жұмысы биоырғағының жақсаруына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, дәрігерлер дәл түстен кейінгі ұйқы пайдалы деп есептейді. Өйткені қысқа демалыстан кейін жұмыс өнімдірек болады. Адам тез күш жинап, жұмыс күнінің соңына дейін сергек жүреді. Айта кетейік, Сингапур фирмаларының басшылары қызметкерлеріне түстен кейін отыз минут ұйықтап алуға мүмкіндік береді екен. Және ол түскі үзіліс деп есептеледі. Бұл жағдай Қытайда да қалыптасқан. Миллиардтар елінде түскі үзілістің өзін қысқы және жазғы деп бөліп, кемінде 1 жарым сағат түстенуге уақыт беретін көрінеді. Ал оның жарты сағаты мызғуға арналады екен. Тіпті, онда түскі ұйқы оқушылар мен студенттерге міндеттелген. Сондай-ақ, бұл Жапония мен АҚШ компаниялары да қызметкерлері үшін тәжірибеден өткізуде. Ал Испания мен латынамерикалық елдерде «сиеста» (түскі үзіліс) деген түсінік бар. Яғни олар күннің ең ыстық уақытында жарты күн демалады.

Массагет.кз
Денсаулық 29 қазан 2018 г. 189 0