Ғалымдар қандай ыдыстың қатерлі ісік тудыратынын анықтады

Тамақтың күйіп кетуіне жол бермейтін ыдыстардың құрамындағы заттар адам ағзасында ісік тудыруы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости Daily Mail басылымында жарияланған зерттеуге сілтеме жасап.  
Зерттеудегі мәліметтерге қарағанда, таба мен кастрөлдерді қолданған кезде адам ағзасына перфтороктандық қышқылдар түсуі мүмкін. Сондай-ақ, перфтороктандық қышқылдарда уытты болатыны айтылады. Ол қышқылдар ағзаға түскен кезде холестерин деңгейі көтеріліп, иммундық жүйенің қызметтері әлсіреп, ісік пайда болуы мүмкін. Жануарларға жүргізілген зерттеулер бұл заттың бауыр қатерлі ісігі, ұйқы безі ісігі мен жыныс мүшелерінің ісігін тудыратынын көрсетеді.

Денсаулық 28 маусым 2018 г. 481 0